Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Пероксисомалар



 Другие рефераты
Пластикалық алмасу және ақуыздар синтезі Пластидтер Палеозой заманында тіршіліктің дамуы Өсімдіктердің аурулары

Пероксисомалар көлемдері 0,2 мкм-ден 0,5 мкм-ге дейінгі мөлшердегі мембраналы көпіршіктер. Олар  лизосомалар секілді Гольджи кешенінің транс-полюсінен бөлініп шығады. Көпіршіктің мембранасының астында неғұрлым тығыз бөлігі мен перифериялық аймағы болады.

Пероксисомалардың мембраналары тегіс эндоплазмалық тордан бүршіктеніп бөлініп шығады, ал ферменттері цитозольдің полирибосомаларында синтезделініп, пероксисомаға келіп түседі деген көзқарастар да бар.

Пероксисомалардың екі түрі бар. Ұсақ пероксисомалар (диаметрі 0,15-0,25 мкм) сүтқоректі жануарлардың (адамның) барлық клеткаларында кездеседі. Олардың құрамынды майда осмиофильді зат болады да, алғашқы лизосомалардан ерекшеленбейді. Диаметрі 0,25 мкм-ден ірі пероксисомалар тек кейбір ұлпаларда (бауыр, бүйрек) ғана  кездеседі. Олардың құрамын кристалл тәрізді өзекше түзеді. Оның құрамында қою түрдегі ферменттер болады. Пероксисомалармен қатар басқа да мембраналы, құрамында ферменттері бар, диаметрі 0,5 мкм-нен 10 мкм-ге дейінгі микроденешіктер кездеседі.

Пероксисомада пероксидаза, каталаза және D-аминқышқылдарының оксидазасы ферменттері болады. Пероксидаза клеткаға токсинді әсер ететін сутегі тотығының алмасуларында қатысады. Пероксисомаларда биохимиялық реакциялар үшін молекулярлы оттегі қолданылады. Сондай-ақ пероксисомалар басқа да зиянды заттардың қосылыстарын, мысалы этанолды нейтрализациялауға қатысады. Каталаза пероксисоманың басқа ферменттерінің ішінде барлық ақуыздардың 40% құрайды. Пероксисомалар липидтер, холестерин және пуриндердің алмасуларына қатысады.

скачать работу


 Другие рефераты
Сбережения и доходы населения
Поэт-декабрист В.К. Кюхельбекер
И. А. Бунин и его проза
Жесткий диск


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ