Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады

Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Жол жүрісі туралы» заң жобасына Сенат тарапынан енгізілген өзгерістерді қарап, құжатты қабылдады деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Аталған құжат жол қозғалысын тиімді ұйымдастыруды арттыруға, жол қозғалысы үдерістерін басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіруге бағытталады. Заң жобасында мүдделі мемлекеттік органдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құзыреті мен міндеттері айқындалады.

Бұдан бөлек, елімізде жол қауіпсіздігі аудит институтын енгізу көзделеді. Бұл институт адами фактордан болатын жол апаттарын азайтуға септігін тигізбек. Аудит институты негізінен дер уақытында өзгерістер енгізу үшін жобалау кезеңінде немесе құрылыстың бастапқы кезеңдерінде жолдың техникалық жобасындағы қауіпсіздік қаупін анықтауға мүмкіндік береді. Ал сараптама барысында ұсынылатын жаңа немесе жаңартылған жол ашылғаннан кейін оны пайдалану деңгейі бағаланады.

Бұдан бөлек, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бекітіліп, онда азаматтардың құқығын шектейтін және қорғайтын нормалар қамтылып отыр. Сонымен қатар, құжат бойынша көлік құралдарына, оларға техникалық қызмет көрсету талаптарына қатысты нормалар жеке қарастырылып отыр. Көлікті басқаруға рұқсат беретін құжат БҰҰ тұжырымдамасының талаптарына сәйкес болады. Яғни, жүргізуші куәліктерінің жаңа түрлері енгізіледі. Онда 7 санат пен 6 санаттың тармақшалары қамтылады. Бұдан бөлек, айыппұл салуларда да біршама өзгерістер қаралады. Мәселен, айыппұл егер салынған уақытынан бір тәулік ішінде төленсе оның мөлшерінің 50 пайызын ғана өтеу, егер апта ішінде төленсе оның 30 пайызын азайту көзделеді.

Мүгедектерге арналған орындарға автокөліктерді тоқтатуға, көлікпен тоқтауға қатысты ережені бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Жүргізушілерді даярлау тәртібін бұзғандарға да жауап қатаяды.

Құжатқа Сенат тарапынан бірқатар өзгерістер енгізілген еді. Олардың басым бөлігі редакциялық нақтылау сипатында болып отыр. Осыған орай, Мәжіліс Сенат енгізген түзетулерге келісім беріп, құжатты қабылдады.


Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда Украина Ресейге визалық режим енгізіп, ТМД құрамынан шықпақ


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен