Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Қорғаныс вице-министрі ірі көлемде пара алып жатқан сәтінде қолға түсті

Қорғаныс вице-министрі ірі көлемде пара алып жатқан сәтінде қолға түсті

Басынан жемқорлық дауы арылмаған Қорғаныс министрлігінде кезекті тұтқындау. Бұл жолы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемде пара алған Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеевтің қолына кісен салды, деп хабарлайды КТК.

2 млн долларды генерал Астанадағы өзі тұратын элиталық тұрғынүйдің ауласында санап алған. Сөйтіп кәсіпкерге мемлекеттік тендерді ұтып беруге уәде еткен көрінеді. Бюджеттен миллиардтаған теңге бөлінген тендер бойынша, қарулы күштерге соңғы үлгідегі байланыс құрылғылары жеткізілуі тиіс екен. Қолға түскен шенді бұған дейін Ішкі істер министрлігінде түрлі лауазымды қызмет атқарған.

Айта кетсек, ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрығына ілініп отырған бұл Қорғаныс министрлігіндегі алғашқы генерал емес. Бұған дейін «Укрспецэкспорт» компаниясынан 200 мың доллар пара алған Алмас Әсенов 11 жылға сотталса, қазынаның 137 млн теңгесін жеген Асқар Бөлдешов 8 жарым жылға абақтыға жабылған болатын.

Негізі: BNews. Бизнес сейчас, 12 ақп 2014

Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен