Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Киевте бүлікшілер бұзақылық әрекеттерін уақытша доғарды

Киевте бүлікшілер бұзақылық әрекеттерін уақытша доғарды

Виталий Кличко өзге де оппозиция өкілдерімен бірге Украина президенті Виктор Януковичпен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Осы уақыт арлығында Кличко қос тараптан жергілікті уақыт бойынша кешкі сегізге дейін тыныштық орнатуды сұрады. Ал кешке халық алдына шығып, келіссөздердің немен тынғаны жайында есеп беретінін мәлімдеді. Әзірге тәртіп сақшыларына жанғыш қоспалар мен тас атылып жатқан жоқ. Милиция да үнсіздік сақтап тұр. Десе де кейбір куәгерлер бүлікшілердің билікті басып алуға қарекет қылып жатқанын хабарлаған. Өйткені бүгін кешке оппозиция көшбасшыларының Президент Януковичке қойған ультиматумының мерзімі аяқталады. Бұған дейін «Удар» фракциясының жетекшісі Виталий Кличко үкіметтен өз еркімен биліктен кетіп, президент сайлауын тағайындауды талап еткен болатын. Демонстранттар бұл талапты орындауға 24 сағат уақыт берді.

«Қанды қырғынды тоқтатып, бұл жағдайдан шығудың басқа жолын іздеуде барымды саламын. Президентке тағы бір мәрте айтарым бар. Білем қазір ол осы трансляцияны көріп отыр. Сізде бұл мәселені шешу үшін барлық мүмкіндік бар. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу арқылы жағдайды өзгерте аламыз», - деді «УДАР» партиясының жетекшісі Виталий Кличко.

Ал осы уақытта президент Януковичпен келіссөзге кеткен оппозиция өкілдерінің басшылары жиыннан шығып үлгерді. Бірақ олар тілшілердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Тек Виталий Кличко ғана барлық ақпаратты кешке халық алдында айтатындарын мәлімдеген.

Негізі: BNews.kz, 24 қан 2014

Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен