Сайттарды орналастыру ережелері
Каталог Қазақстанға тікелей қатысы бар сайттар үшін қолданылады (мемлекеттік құрылымдар, компаниялар мен мекемелер сайттары, жеке сайттар, сонымен бірге ҚР-да өкілеттігі бар компаниялар мен халықаралық ұйымдардың сайттары).
Каталогта ақпаратты орналастыру
-
Каталогта тіркелу автоматты түрде жүргізілмейді – барлық ресурстар каталогтың модераторымен қаралады, ол өз кезегінде ресурсты орналастыру немесе орналастырмау шешімін қабылдайды.
-
Сайттар туралы ақпаратты каталог редакциясы нақты тақырып бойынша мазмұнды рубрикаларды құру мақсатымен өз ынтасымен орналастыра алады.
-
Редакция нақты уақыт ішінде тапсырысты қарастыруға, әр тапсырысты қанағаттандыруға, теріс шешім қабылданғаны туралы сайт иесіне хабарлауға міндетті емес.
-
Каталог әкімшілігі өз қалауы бойынша ресурстың атауы мен сипатын түзету құқығын, сонымен бірге түсінік бермей тіркеуге тыйым салу немесе ресурсты өшіріп тастау құқығын өзіне қалдырады.
Каталогтың баспасын/баннерін қою
Сайттар иеленушілері өз сайтының көрінетін жеріне Resurs.kz каталогына мәтіндік сілтеме немесе 88х31 баспасын орналастыра алады. Бұл міндетті шарт емес, бірақ келесі артықшылықты береді:
-
өзге тепе-тең шарт болған жағдайда сайттың каталогқа түсу кепілдігі;
-
тапсырысты 3 күн ішінде тез қарастыру;
-
іздеу кезінде сайтты жақсартылған индекстеу
Орналастыруға қабылданбайтындар:
-
Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ сайттар;
-
Қазақстандық және халықаралық заңнамаларға қарама-қайшы келетін мазмұны бар ресурстар (зорлық-зомбылықты, нәсілдік өшпенділікті, лаңкестікті, әдепсіздікті және т.б. насихаттайтын, сонымен бірге хакерлік мазмұны бар сайттар).
|