"Нұр Астана" мешіті |
|
Құрметті мұсылман қауым! «Нұр Астана» орталық мешіті сіздерге «ummet.kz» сайтын шынайы ықыласпен ұсынады. Бұл сайтта асыл дініміз Ислам құндылықтарын насихаттайтын аудио-видео уағыздар, мақалалар мен сұхбаттар және ислам жаңалықтары дүйім жұртшылыққа таратылады. Сондай-ақ, қаладағы намазханалар, халал асханалар мен қонақ үйлердің мекен-жайлары көрсетілетін болады. Мемлекетіміздің сенімділікте дамуын қамсыздандыру үшін, мұсылмандардың өз имандарына берік болуын, адастырушы күштердің арбауына түспеуін, пайдалы ізгі амал істеулерін, ғибадат-құлшылықтары имам Ағзам мәзһабына сай болуын, Қазақстандағы басқа дін өкілдеріне толеранттылықпен қарауды, конфессияаралық татулықты сақтап, нығайту үшін, ең бастысы, Қазақстанның төрт құбыласы тең болу үшін қызмет атқарады. Құрандағы «Аллаһтың жолына хикметпен және әдемі үгітпен шақыр!» (16/125) аяты бойынша, өз дінімізді халқымызға түсіндіруші және мұсылмандар арасындағы береке-бірлікті нығайтушы іс-әрекеттерді ұдайы жасап тұру мақсатымен бұл сайт ашылып отыр.
http://ummet.kz
|
#1 |
асссалаума алейкум! кеширерсиздер оразаны кай уакыттарда устаган дурыс 03 Фев 2012, 18:52 :: еркин (Алматы) | #2 |
Добрый вечер! Я Хотела бы узнать, чтобы возвратить долг по оразе сейчас по какому расписанию мне нужно соблюдать пост! 05 сен 2011, 18:02 :: Алия (Астана) |
|