Арал ауданының әкімі
Н.Мұсабаевқа
2005-2006 жылдары сізге хат арқылы Мүбәрак Рұсқыловтың, оның баласы Әмірхан Рұсқыловтың милиция қызметін атқарып жүргенде Арал қаласында 1977 жылы қылмыскер қолынан қаза болған, және де Бәйімбетов Мақсұттың, 1894 жылы туылып 1965 жылы қайтыс болған, алғашқы аудандық милиция бастығы және де балық комбинатының бас директоры, балық аулау кооперациясының төрағасы, Аягөз, Балхаш балық комбинаттарының бас директоры, Қарақалпақ АССР-ның Үргеніш қаласының милиция бастығы, Камбаштан Ленин өтінішіне орай Волга халқына поезбен балық жіберу жұмыстарын басқарған, ескерусіз қалуларын жеткізгенмін және осы жәйтті өз бақылауыңызға алып, нәтижесін хабарлауңызды өтігенгенмін.
2007 жылы М. Рұсқыловқа Андреев көшесінің есімін бергіздіңіз, бұл еңбегіңізге мың да бір рахмет!
Ал, төрт-бес жыл өтсе де, Рұсқылов Ә. Мен М. Бәйімбетовтер туралы тіс жарған жоқсыз сол себепті осы мәселелер туралы жауабыңызды күтемін.
Ә.Ержігітұлы
Қызылорда қаласы, Сәулет м/а
4 квартал 6 үй, тел: 24-72-50
10 апр 2012, 17:55 :: Әділхан (Кызылорда)